Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының басшысы қызметінен босатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тиіс шешім Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының конференциясында қабылданды. Оның орнына бұл қызметке Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келетіні хабарланды.
Айта кетейік,2022 жылғы маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік қызметтегі көпжылдық тәжірибесін ескере отырып,оның өкілеттік мерзімін ұзартқан болатын. Алайда бір жылдан кейін Ахметов қызметінен кетті.
Түрлі уақытта экс-әкім ҚР премьер-министрі және қорғаныс министрі қызметтерін атқарған,сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі болған. Даниал Ахметов 2018 жылғы наурызда Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясын басқарған болатын.
Рыпакова - Лондон-2021 Олимпиадасының чемпионы,2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиаданың күміс және Рио-2016 Олимпиадасының қола жүлдегері. Ольга әлем чемпионатында екі рет – 2015 және 2017 жылдары қола жүлдегер атанды,сонымен қатар,2011 жылғы әлем чемпионатында күміс алды. Ол жабық кешендегі әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды: 2008 жылы Валенсияда қола,2010 жылы Дохада алтын және 2012 жылы Ыстамбұлда күміс.
2024 жылғы ақпанда спортшы Ұлттық Олимпиада комитетіндегі атлеттер комиссиясының өкілі,ал қыркүйекте Азия Олимпиада кеңесінің Атқару комитетінің мүшесі болды.