Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6183 шақырым,жергілікті маңызы бар – 4762 шақырым.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі – 73%,жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі – 52% құрады.
2024 жылы облыста барлық жолдарда жалпы сомасы 91.6 миллиард теңгеге 643 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған.
Облыста автожол саласын дамыту шеңберінде 2019 жылдан бастап жалпы ұзындығы 317 шақырым болатын күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша 8 жоба іске асырылуда.
Казталов,Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы құны 80,1 миллиард теңгені құрады,іске асыру басталғаннан бері (2019-2022 жж.) 124,6 шақырым жолға асфальтбетон жабыны төселді.
Ал 2023 жылы автожолдың қалған 120,4 шақырымына 31 миллиард теңге бөлініп,2023 жылы 97,8 шақырым жолға асфальтбетон жабыны төселді.
2024 жылы автожолдың қалған 22,6 шақырымына 19,6 миллиард теңге бөлініп,облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарын пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 18,2 шақырым төменгі қабат төселді.
Сонымен қатар жоба бойынша "Подстепное-Федоровка-РФ шек." автомобиль жолын қайта жаңғырту 0-36 шақырым және 108-144 шақырым (1 және 4 этап) жоспарланған. Бүгінге оның 72 шақырым (2 жоба) қамтылды. Жобаның жалпы құны 38,5 миллиард теңге.
2023 жылы 8 миллиард теңге сомасына жоспарланған 34,6 шақырым жолдың 39,6 шақырым асфальтбетон жабыны төселді. Ал 2024 жылы автожолдың жоспарланған 16,78 шақырымына 15,99 миллиард теңге бөлініп,жобаларды пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 16,9 шақырым төменгі қабат төселді.
Тағы бір бағыт - "Хан орда ауылына кіреберіс 0-11 шақырым,11-21 шақырым" автожолын орташа жөндеу,оған биыл 2,01 миллиард бөлінді,21 шақырым автомобиль жолдарына жөндеу жүргізу жоспарлануда,ал 0,7 шақырым асфальтобетон жабыны бойынша жұмыстар орындалды.
"Самара-Шымкент 0-16 (көпір өткелі),330-369 шақырым" автожолына орташа жөндеу жобасының жалпы құны 4,99 миллиард теңге,55 шақырым автомобиль жолдарына жөндеу жүргізу жоспарлануда,оның ішінде 47,7 шақырым асфальтобетон жабыны бойынша жұмыстар аяқталды.
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар бойынша соңғы жөндеу жобалары бойынша жасалған жұмыстар:
2024 жылға 36,2 миллиард теңге (РБ-5,2; ЖБ-9,0; ЖСТ-22,0) қарастырылды: қайта жаңарту - 36,5 шақырым,күрделі жөндеу - 130 шақырым,орташа - 162 шақырым) - жалпы 328,5 шақырым асфальтбетон жабының төсеу жоспарда. Қазіргі таңда 246,9 шақырым төменгі қабат төселді.
Елді мекендердің көше желілерінде "Ауыл – ел бесігі" және Моноқалаларды дамыту бағдарламалары бойынша 27 елді - мекеннің ауылішілік жолдарын асфальтбетонды жабынмен қамтамасыз ету күтілуде,бұл мақсатта 39 жоба іске қосылуда. 2024 жылға бөлінген 8,9 миллиард теңгеге 101,7 шақырым асфальтбетон жабынын төсеу жоспарланған. Қазіргі таңда 86,4 шақырым төменгі қабат төселді.
Орал қаласнда 2024 жылға жоспараланған 10,6 миллиард теңге қаржының,бугінгі күні бөленгені 5,29 миллиард теңге,жалпы жоспарланған қаржыға 97,4 шақырым асфальтбетон жабының төсеу жоспарда. (Оның ішінде құрылыс - 11,2 шақырым,қайта жаңарту - 13,4 шақырым,күрделі жөндеу - 6,3 шақырым,орташа - 66,5 шақырым). Қазіргі таңда 41,4 шақырым асфальт төселді.