Ай

“Штрафстан“ жасап жатырсыздар“. Айыппұлдар мөлшері депутаттың ашуын келтірді

Dec 6, 2024 IDOPRESS
\"Ақ жол\" фракциясы қомақты айыппұлдары үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің өзгерістер енгізу ту

"Ақ жол" фракциясы қомақты айыппұлдары үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қолдамады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақ жол" фракциясы қомақты айыппұлдары үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қолдамады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақ жол" фракциясы бұл заң жобасына қарсы дауыс берді. Олар не үшін мұндай шешімге келгенін түсіндірді.

"Осы заң жобасына "Ақ жол" Демпартиясының депутаттары кәсіпкерлеге салатын артықша ауыр айыппұлдарды 3-5 есе азайту туралы бірнеше түзету ұсынған болатынбыз. Өкінішке қарай,не жұмыс тобы,не Мәжілістің бюросы,яғни барлық басқа фракция осы айыппұлдарды казіргі,демек ауыр көлемінде қалдыруды қалады. Бұл заң жобасын талқылау барысында "Ақ жол" демпартиясының депутаттары кәсіпкерлерге салынатын қомақты айыппұлды 3-5 есеге азайтуға қатысты бірқатар түзетулер жолдады",- деді ол.

Жұмыс тобында билік партиясы мен Мәжіліс Бюросындағы барлық басқа фракциялар мемлекеттік органдардың пікірін алға тартып,қазіргі қомақты айыппұлдарды сақтап қалуды жақтаған. Алайда партияға бірнеше мың адамнан өтініш түскен.

"Уәждері қарапайым - айыппұлдар бұзушылықтардың алдын алу және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін қажет. Алайда,аталмыш заң жобасын талқылау барысында "Ақ жол" фракциясына 2 мыңнан аса кәсіпкерден бұл айыппұлдарды азайтуды сұраған өтініштер түскен. Және олардың айтуынша,айыппұлдардың қомақтылығы бұзушылықтарды алдын алу үшін емес,бақылау органдарының бопсалауы үшін қызмет етеді. Өйткені бағадағы қателік үшін 700 мың теңге төлеуден гөрі,тексерушіге 100 мың бере салған оңай",- деді депутат.

Оның айтуынша,бұл нормалар бүгінде алдын алу үшін емес,бизнесті бопсалау үшін қолданыла бастады.

"Кеше ғана EGOV-PRESS телеграм арнасында әр учаскеде дәл осы ӘҚБтК-нің баптары бойынша кемінде 200 құқық протокол рәсімдеу туралы полицияның дауыстық бұйрығы жарияланды. Бұл - ақылға қонымсыз айыппұлдардың қалай қолданылатындығы туралы нақты мысал. Ал бүгінгі заңға түзетулердің 80 пайызы репрессиялық сипатқа ие – айыппұлдар,айыппұлдар,айыппұлдар. Біздің шенеуніктер мемлекет тек жазалап қоймай,реттеу саясатының айыппұл салудан бөлек,ынталандыратынын түсіндіруі керегін ұмытқан сияқты. Ал тұтынушылардың құқықтарын қорғауға жүгінгенде олар шағын және орта бизнестің қалай жұмыс істейтінін білмейтін құдды бір аспаннан салбырап түскендер сияқты сөйлейді. Үйдің жанындағы дүкеннің күнделікті пайдасы 30-50 мың теңге болса,оған 100 мың айыппұл салынса,ол ақшаны қайдан алады?" - деді Азат Перуашев.

Депутат сөзінше,орынсыз қомақты айыппұлдар шын мәнінде тұтынушыларды қорғамайды,доллардың құбылмалы бағамына қоса инфляцияға ықпал етеді.