Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше суреті пайда болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Суреттің авторы - фотограф Сапарбек Жақсылық. Кадр ортасында - Қазақстан Президенті,оның бет-әлпетіне жарық түсірілген. Қасым-Жомарт Тоқаев күлімсіреп тұр,оның пиджагінде мемлекеттік ту түріндегі белгі бар. Сурет ҰҚШҰ отырысында мемлекет басшылары сөйлесіп тұрғанда түсірілген.
Еске салайық,28 қараша күні Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің отырысы болды. Отырысқа мүше мемлекеттердің басшылары,сыртқы істер және қорғаныс министрлері,қауіпсіздік кеңестері хатшылары мен парламент өкілдері қатысты.