Ай

Шелекте оқушыларға жаңаша білім алу мүмкіндігін беретін мектеп ашылды

Nov 29, 2024 IDOPRESS
Биыл Қазақстанда 7,5 мың мектепте 3,9 миллион бала оқиды екен. Бір қарағанда,мектеп көп сияқты көрінеді. Әйткенм

Биыл Қазақстанда 7,5 мың мектепте 3,9 миллион бала оқиды екен. Бір қарағанда,мектеп көп сияқты көрінеді. Әйткенмен елде оқушыларға мектепте орын тапшылығы мәселесі әлі де бар. Әсіресе Түркістан және Алматы облыстарында,Алматы,Астана және Шымкент қалаларында мектептер бала сыйғыза алмай жатыр. Былтырдың өзінде осы өңірлерде мектептегі орын тапшылығы 160 мыңның төңірегінде болды.

Биыл Қазақстанда 7,Астана және Шымкент қалаларында мектептер бала сыйғыза алмай жатыр. Былтырдың өзінде осы өңірлерде мектептегі орын тапшылығы 160 мыңның төңірегінде болды.

Тапшылықпен қалай күресіп жатырмыз?

Бұл мәселенің бірден-бір шешімі – жаңа білім беру нысандарын салу. Айталық,биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі ел өңірлерінде 130 мың орынға шақтап 86 жаңа мектеп ашқан. Мұның бәрі оқу орындарына түсетін жүктемені жеңілдетіп,кей мектептерде үш ауысымда оқыту мәселесін болдырмау жолында істеліп жатыр.

Оның үстіне,ауылдардағы білім беру ісіне айрықша мән беріліп келеді. Биыл 178 мектепте күрделі жөндеу жасалып,мың шақты мектеп жаңартылды. Ал Алматы облысының Шелек ауылындағы оқушылар 900 орындық жаңа мектепке барды. Ол мектеп Beeline Қазақстан және компанияның корпоративтік қайырымдылық қоры – "Zhyly Zhurek Foundation" қаражатына салынды.

"Бірнеше жыл бұрын компаниямыз елдегі ауыл мектептерін жаңартуға бағытталған жобаға қатысып,8 ауыл мектебін жаңа жабдықтармен,техникамен қамтамасыз етті. Кейін іргетасынан бастап жаңа мектеп саламыз деп ұйғардық. Ол жоба да іске асып,біздің мақтанышымызға айналды. Әрине,соншама баланың келешекке қадам басуына серпін беріп отырған жоба жалғаса береді. Балалар мектептен шыққысы келмейтінін көріп жүрмін,мұнда жүріп спортпен шұғылданып,өнерге ден қойып,білім алуға құмартып келеді",– дейді Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Шелектегі жаңа мектеп несімен ерекше?

Ә.Қайдар атындағы жаңа мектеп 3 қабатты,университет кампусына ұқсатып және заманауи талаптардың бәріне сәйкес етіп салынған. Түрлі сынып оқушылары ғимаратқа бөлек есіктен кіреді. Қауіпсіз болсын деп,FaceID турникеттері орнатылған өткізу бекеттері қойылған. Мектеп аумағы кең,баскетбол және футбол алаңдары,жүгіру жолақтары,ойын алаңқайлары мен жаттығу жасайтын workout-аумақтары бар.

Білім беру мекемесі инклюзив оқыту талаптарына да сай келеді. Бар жерде пандустар,әжетханаларда тұтқалар салынған,ата-аналарға баласын күтіп отыратын жайлы орын жасалған.

Кабинеттер толық жасақталған,оған қоса зертханалар,робототехника сыныптары,кең спорт залдары,киім ауыстыратын және душ бөлмелері,соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған акт залы,фотостудия және кітап оқитын,сабаққа дайындалатын оңаша орындар мен кітап берілетін жеделсатылар қойылған үлкен кітапхана бар.

Қарашаның басында жаңа мектепті VEON телекоммуникация холдингінен келген шетелдік қонақтар – компания Директорлар кеңесінің мүшесі Данкан Перри мен корпоративтік коммуникациялар директоры Марине Бабаян аралап шықты. Айта кетері,Beeline Қазақстан – сол халықаралық компанияның бір бөлігі. Келген қонақтар бұл мектеп дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарынан кем түспейді екен деп атап өтті.

"Істелген жұмыстың нәтижесі үлкен арманнан басталып осындай керемет мектепке айналғанын өз көзіммен көріп,қуанып отырмын. Бұл жердің атмосферасы өте ерекше. Ата-аналар да,мұғалімдер де,оқушылар да қуанып жүргенін көрдім. Мені ауылдағы бұл мектеп өте әсерлі және үлкен жетістіктерге шабыттандырды",- деді Марине Бабаян.

Мектептің бірінші тоқсанда көрсеткен нәтижелері

Қазір мектепте 775 бала оқып жатыр. Кейбірі іргелес ауылдардың мектептерінен ауысып келген. Отбасымен бірге қаладан көшіп келгендер де бар. Мектептің оқытушылар құрамы толық жасақталған. Мектеп директоры Ләззат Қайырбаеваның айтуынша,мектепке мұғалімдер байқаудан өтіп,еңбек өтілі мен санатына қарай іріктеліп келген екен. Сондай-ақ мектепте психолог маман бар,ал инклюзив оқыту жағында дефектолог маман жұмыс істейді.

Айта кетері,оқу жылы енді басталса да,балалар өз мектебінің атын шығарып,жаңа жетістіктерге жетіп жатыр.

"Бір оқушы қызымыз Қазақстанның 100 үздік оқушысы қатарына кірді,енді желтоқсанда Астанаға,марапаттау рәсіміне барады. Ал 5 және 8-сынып оқушылары Түркияда өткен халықаралық олимпиадаға қатысып келді",- дейді мектеп директоры.

Сурет: Zhyly Zhurek Foundation.