Павлодар облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында Lada жүргізушісінің бірнеше жол ережесін бұзғаны түсірілген бейнероликті анықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz мәліметінше,әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада автокөлік иесінің қар басқан жолда дрифт жасағаны түсірілген.
"Жүргізуші Железинка ауылының көшелерінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен,апатты жағдай туғызған. Аталған құқықбұзушылықтар үшін жүргізушіге 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды,ал автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды," – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік,Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік - тұрақты назар аударуды талап ететін негізгі мәселелердің бірі. Қандай заңбұзушылықтар үшін көлік иесі 100 пайыз жағдайда жүргізуші куәлігінен айырылады,қандай жағдайда сот шешім шығаратыны жайлы толығырақ біліңіз.