Дәрігерлер таңертең бір стақан су ішіп жүруге кеңес береді. Бұл қарапайым әдет ас қорыту процесін бастауға,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
РУДН Университеттік клиникасының сарапшылары Telegram-арнада өз кеңесін бөлісті.
Олардың пікірінше,оянғаннан кейін шөлді басу үшін бірден бірнеше стақан су ішпеу керек.
"Бұл қанның шамадан тыс сұйылуына байланысты жүрекке қосымша жүктеме туғызуы мүмкін. Оптималды көлемі – шамамен 150 миллилитр,оны баяу және біртіндеп ішкен жөн",– деп жазады дәрігерлер.
Сонымен қатар,дұрыс сусындарды таңдау қажет екені айтылды. Шырындар,кофе,сүт және тұзды су таза суды алмастыра алмайды және кей жағдайларда ас қорытуға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ең жақсы таңдау – сүзгіден өткен немесе қайнатылған су.
Бұдан бөлек,температуралық режимді сақтау маңызды. Мұздай су тамақ пен асқазанды ауыртып,диарея тудыруы мүмкін,ал ыстық су күйікке,тіпті өңештің қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін. Сондықтан сусындардың температурасы қоршаған орта температурасына жақын болуы керек.
Сарапшылар пікірінше,осы қарапайым ережелерді ұстана отырып,дененің оңтайлы ылғалдану деңгейін сақтауға болады.