Сенат депутаттары 2025-2027 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңды мақұлдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кепілдендірілген екі триллион теңге (4 миллиард АҚШ долларынан астам) мөлшеріндегі трансферт Ұлттық қордан республикалық бюджетке мемлекеттік міндеттемелерді орындау шығындарын қамтамасыз ету үшін бағытталады.
Бұған дейін бұл соманы Мәжіліс депутаттары мақұлдаған болатын. 13 қарашада олар республикалық бюджет туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Еске сала кетейік,бүгін Сенат 2025–2027 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды.