Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 қарашада Астанада ауыспалы бұлтты,күндіз қар жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-15,күндіз 5-7 градус аяз.
14 қарашада көшпелі бұлт шығады,кейде қар,боран болады. Жел оңтүстік-батыс,батыстан соғады,екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12,күндіз 3-5 градус аяз.
14 қарашада көшпелі бұлт шығады,кей жерлерде қар жауады,бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12,күндіз 3-5 градус аяз.
13 қарашада Алматыда күн бұлтты,өткінші жауын-шашын болады,кешке қатты жауын-шашын (жаңбыр,қар) болып,тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2,күндіз 5-7 градус жылы.
14 қарашада көшпелі бұлтты,кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр,қар),түнде тұман. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аяз.
15 қарашада көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз,күндіз 1-3 градус жылы.