Синоптиктер 11 қараша күні еліміздің алты өңірінде қарлы боран күтілетінін айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман,көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады,екпіні - 15-20 м/с.
Мамандардың болжауынша,түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында,солтүстігінде,шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысының солтүстігінде,орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады,күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде,оңтүстігінде,шығысында жаяу бұрқасын жүреді,тұман,көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде,шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде,шығысында,орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында,солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан,батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Семейде жаяу бұрқасын жүріп,оңтүстік-батыстан жел соғады,екпіні - 15-20 м/с.
Өскеменде де жаяу бұрқасын жүріп,екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Атырау облысының солтүстігінде,шығысында тұман болады.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде,оңтүстігінде жаяу бұрқасың жүріп,көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде,шығысында солтүстік-батыстан жел соғады,екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ болады.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр,қар) болады,облыстың батысында,шығысында жаяу бұрқасын жүріп,көктайғақ болады. Облыстың батысында,шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодарда да жауын-шашын (жаңбыр,боран соғып,көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында,орталығында тұман түседі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде,орталығында жаяу бұрқасын жүріп,көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде,шығысында солтүстік-батыстан,батыстан жел соғады,екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда солтүстік-батыстан,батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде,таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде,таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында,солтүстік-шығысында,кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман болады,оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.