9 қарашада Астанада терроризмге қарсы жаттығу өтеді. Бұл туралы елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаттығу сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.
"9 қарашада сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін Астана қаласы аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб,оның ішінде ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық жағдайында (Абайдың 150 жылдығы көшесі,22/3 үй) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр. Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру",- деп жазылған штаб хабарламасында.
Сондай-ақ,штаб өкілдері шектеу шараларын,қаланың әртүрлі ауданында жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына шектеу енгізу қарастырылғанын ескертті.
Елорда тұрғындары мен қонақтары өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға,қауіпсіздік шараларын сақтауға,мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға,тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырылды.