Мемлекеттің ең маңызды құндылығы халқы болса,бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын артып келеді. Облыстағы денсаулық сақтау ісі де барынша жақсартылып жатыр.
Мәселен,медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту үшін Меркі,Жамбыл,Талас,Қордай аудандық орталық ауруханаларында және Тараз қаласындағы №2 мен 5 қалалық емханасында Үздік тәжірибе орталығы ашылып,жұмыс атқарып жатыр.
Биыл 3,9 миллиард теңгеге 26 нысанның құрылысы іске асырылып жатыр. Оның ішінде 20 медициналық-санитарлық нысан (4-ДА,10-ФАП,6-МП) "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасымен жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ,Республика күні қарсаңында өңірлерді дамыту бағдарламасымен 136,4 миллион теңгеге Жамбыл ауданы,Қоңыртөбе ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт ашылды. Республика күніне орай Қайыңды ауылында жоба құны 249,2 миллион теңгені құрайтын 15 келушіге арналған фельдшерлік-амбулатория ашылып,ел игілігіне берілді.
Тараз қаласында 400 төсек орынға арналған көпбейінді аурухана,250 төсек орынға арналған перинаталдық орталық,жедел-медициналық жәрдем стансасын,350 төсек орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасын және Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 250 адамға арналған емхана мен 200 төсектік ауруханасын салу жоспарланып жатыр.
Ауылдың шалғай елді мекендерде орналасқан халықты қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысында 10 жылжымалы медициналық кешен,2 КАМАЗ,8 автобустық мамандандырылған көліктермен құрылып,қызмет көрсетіп жатыр. Биыл барлығы 289 елді мекенді қамту жоспарланған болса,8 айда 239 елді мекен қамтылған.