Алматы облысындағы Талғар қаласында тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктінің қалай камераға түсіп қалғаны белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео krip_p_talgar парақшасында пайда болды.
Жазбадағы ақпаратқа сәйкес,ер адамды әлдекімдер дүкенде көріп қалған. Артынша оны іздеуге полиция дроны бар адамды жұмылдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)
Еске салайық,бүгін Алматы облысында тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды.
Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды,сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер,еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты.
Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.
Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдірді.