Ай

Астананың бірқатар ауданында электр жарығы өшіп қалды

Oct 22, 2024 IDOPRESS

Астананың бірқатар ауданында электр жарығы өшіп қалды. Мамандар оның себептерін анықтап жатыр. Оқиғаны Астана-ӨЭК баспасөз қызметі растады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың бірқатар ауданында электр жарығы өшіп қалды. Мамандар оның себептерін анықтап жатыр. Оқиғаны Астана-ӨЭК баспасөз қызметі растады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде елордадағы Алматы ауданында электр қуаты өшкені туралы ақпарат пайда болды. Қала тұрғындары астаналық пабликерге үйлерінде жарық жоқ деген пікірлер жазып жатыр.

Астана-ӨЭК мәліметінше,21 қазанда сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақаулар болып нәтижесінде Мыңжылдық аллеясы мен Тәуелсіздік даңғылы,Қордай және Байтұрсынов көшелері маңы электр жарығынсыз қалған.

"Сағат 15:32-де резервтік қуатқа ауысу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта оның себебін анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада.

Кейбір тұрғындар үйлеріндегі жарық әлі қосылмағанын алға тартады.