Ай

“Атырау - Астрахан“ жолы: жөндеуге дейін, жөндеуден кейін

Oct 21, 2024 IDOPRESS
\"Атырау - Астрахан\" жолының күрделі жөндеуден өтуі - жергілікті тұрғындарды қуантып жатыр. Ең бастысы,Ресейм

"Атырау - Астрахан" жолының күрделі жөндеуден өтуі - жергілікті тұрғындарды қуантып жатыр. Ең бастысы,Ресеймен шекара қақпасы саналатын құрманғазылықтардың - облыс орталығы Атырау қаласымен байланысы нығайған.

"Атырау - Астрахан" жолының күрделі жөндеуден өтуі - жергілікті тұрғындарды қуантып жатыр. Ең бастысы,Ресеймен шекара қақпасы саналатын құрманғазылықтардың - облыс орталығы Атырау қаласымен байланысы нығайған.

Ержан Рысқалиев - зейнеткер. Құрманғазы ауданының байырғы тұрғыны.

"Атырау - Астрахань" тас жолының жөнделуі - халықтың көптен күткен арманы. Жол болмаған кезде,тұрғындар кәдімгідей жол азабын тартты. Даланы басқан бархан құмның өзі үлкен кедергі еді. Сондықтан,ұзақ жылдар бойы құрманғазылықтар үнемі Ресейге қатынап,шаруаларын реттеуге мәжбүр болды. Тіпті,дәрігерге қаралу үшін де Астраханға шапқылайтын. Оның өзінде сырқаттанып тұрған адам тез өтіп кете қойса жақсы,шекарадағы тексерістердің ұзақтығы науқастардың жағдайына қиын әсер ететін. Жол ашылғалы Құрманғазы ауданының облыс орталығы,яғни,Атырау қаласымен арада байланысы жақсарды",- дейді құрманғазылық зейнеткер Ержан Рысқалиев.

Жол сапасының жақсарғанына шетелдік жүргізушілер де разы. Алматыдан Әзербайжанға жол тартқан шетелдік камаз жүргізушісін кездестірдік.

"Бұрындары жолда 10 күн жүретін болсақ,жаңа жол салынғалы бері жолда 6-7 күн жүретін болдық. 16 жылдан бері жүргізуші болып жұмыс жасаймын. Ауыр фура көлігіне отырғаныма 4 жыл болды",- дейді әзербайжандық Вусал Абдуллаев.

Жолдың жаңаруы - жол бойында қызмет көрсету орталықтарының ашылып,жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына да оң әсер етіп отыр.

"Казсервис" мекемесінің 80 жол учаскесінің басшысы Әділбек Мұсаұлының айтуынша,Құрманғазы ауылында Жол пайдалану бекеті,тіпті,көлікке қызмет көрсету орталығы ашылған.

"Жол пайдалану бекетінде 10 орындық жылы бокстар бар. Жолда қалған адамдарды жылы жерге әкеліп,медициналық көмек көрсетеміз. Көлік бұзылып келе жатқан болса,дөңгелек жамап беру сияқты техникалық қызметтер көрсететін көлік жөндеу орталығы бар",- дейді "Казсервис" мекемесінің 80 жол учаскесінің басшысы Әділбек Мұсаұлы.

Қазіргі таңда аталған учаске "Атырау - Астрахан" тас жолының 830-893 шақырым аралықтарын күтіп ұстау жұмыстарын атқаруда.

"Ең маңыздысы,үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз ету. Жол бойына малдың шығып кетпеуін қадағалау,жол белгілерін жаңартып отыру,бүлінген жерлерді қалпына келтіру. Қар жауған кезде техникаларымызды уақытылы шығарып,жол бойында қар күрейміз. Инертті материал төгеміз",- дейді спикер.

"Атырау - Астрахан" тас жолының 830-893 шақырымын күтіп ұстау учаскесінде 19 жұмысшы,6 техника қызмет етіп жатыр.

Суреттер: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы