Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздеп жүрген 48 жастағы ер адам табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық.
Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып,отбасымен қайта қауышты",- делінген хабарламада.
Рейд барысында,полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді,сондай-ақ құқық бұзушылық жасады деген 6 адамды ұстаған.