Ай

Қазақстандық депутат квадробика қаупі туралы айтты

Oct 20, 2024 IDOPRESS
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев құзырлы органдар мен ата-аналарға үндеу жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев құзырлы органдар мен ата-аналарға үндеу жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев құзырлы органдар мен ата-аналарға үндеу жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты өзінің instagram-парақшасында қазір балалар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан квадроберлер жайлы сөз қозғады.

"Құрметті ата-аналар,оқырман! Сіздерге айтатын маңызды ақпаратым бар. Квадробер деген терминді естіп жатқан шығарсыздар. Қарапайым тілмен айтқанда,бұл адамдардың жануарға айналуы. Бұл көбіне жасөспірімдер арасында белең алып жатыр. Бұл кәдімгі дерт,қоғам ауруы десе де болады. Қазірден бастап алдын алмасақ,ертеңгі күні ұрпақтың тамырына балта шауып алуымыз мүмкін. Қарапайым тілмен айтқанда,адамдар,жасөспірімдер жануарға еліктейді,төрт аяқтап жүреді,солар секілді өмір сүреді,секіреді,тіпті көшеде жүрсеңіз,сізді тырнап,тістеп алу қаупі де бар. Бұл Еуропада да,АҚШ-та да белең алып жатыр. Сондай-ақ тіпті Ресейде де,Өзбекстанда да тіркелген жағдайлар бар. Сондықтан барынша сақ болайық",- деп ескертті ол.

Депутат квадроберлердің әрекетін органдар мұқият зерттеу керегін,қажет жағдайда Парламент арнайы заң шығаруға да дайын екенін айтты.

"Президент үнемі айтатындай,тәртіп пен заң керек. Бізде мұндай квадроберлерге байланысты заң шығару керек те шығар. Себебі бұл аурудың,яғни дерттің алдын алмасақ,ертеңгі күні өзіміз опық жейтін боламыз. Және де айтарым,дәл осы квадроберлердің әрекетін құзырлы органдар тексеріске алу керек. Ал ата-аналарға айтарым,балаларыңызбен міндетті түрде сөйлесіңіздер,дос болыңыздар,араласыңыздар,көңіл бөліңіздер. Себебі мұның артында үлкен бір күштер де тұруы мүмкін. Балаларыңыздың жануарға айналуы ақылға қонымсыз нәрсе,бірақ,өкінішке қарай,сондай болып жатыр. Мен сіздерге ескерту ретінде айтып отырмын. Сондықтан да барлығымыз бірге әрекет етейік. Мұның артында үлкен индустрия тұр. Елдер сол жануарға еліктеп,киімін алады,құйрық жалғап алады,одан кейін,тіпті соның тамағын да жейді екен. Бұл қоғам дерті. Ол қоғамға қауіпті",- дейді Дәулет Мұқаев видеода.