Ай

Утильалым төлеуден босатқан: арнайы ХҚКО басшылары ұсталды

Oct 15, 2024 IDOPRESS
ҚМА Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу дерегін анықтады,- деп хабарла

ҚМА Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу дерегін анықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу дерегін анықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды. Осылайша,олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Жергілікті бюджетке 315 миллион теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.

Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды,сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

"Күдіктілердің мүлкіне 42 миллион теңге көлемінде тыйым салынды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды",- делінген хабарламада.