Дональд Трамп Флоридадағы гольф-клубынан шығып бара жатқанда оның жанында оқ атылған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құпия қызмет Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичте Дональд Трамптың гольф клубының жанында болған атыс оқиғасын тергеп жатыр,- деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Бұрынғы президент клубтан енді шығып кетіп бара жатқанда оқ атылған.
Трамптың өкілі Стивен Чунг: "Президент Трамп өз аймағында оқ атылғаннан кейін қауіпсіз аймаққа жеткізілді. Әзірге басқа мәліметтер жоқ",- деді.
Еске салайық,14 шілдеде Дональд Трамптың Пенсильваниядағы шеруі кезінде де оған қастандық жасалған болатын.