Ай

Астанада жеңіл автокөлік жол жұмысшысын қағып өлтірді

Sep 16, 2024 IDOPRESS
Апат елорда аудандарының бірінде болған. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жол жұмысшысын қағып,содан кейін ке

Апат елорда аудандарының бірінде болған. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жол жұмысшысын қағып,содан кейін келе жатқан көлікпен соқтығысты. Жұмысшы алған жарақаттарынан қайтыс болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апат елорда аудандарының бірінде болған. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жол жұмысшысын қағып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жол-көлік оқиғасы орнынан видео тарады. Полиция жұмысшыны қаққан жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Қылмыстық іс қозғалды.

"Биыл 14 қыркүйекте сағат 13:30 шамасында Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі өндіріс көшесімен Ақбидай көшесіне қарай жүріп,жол бөлігінде жол жұмыстарын жүргізген жұмысшыны қағып кетті. Осыдан кейін жүргізуші қарсы бағытта келе жатқан KIA Sportage маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берді. Апат салдарынан жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. KIA Sportage автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізіліп,тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада.

View this post on Instagram

A post shared by Астана Сергек 24/7 🚘 (@astana__sergek)