Астанадағы Ақорда маңында ерекше мүсін пайда болды. Ол - қазақ тазысының мүсіні,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәліметінше,"Тазы" мүсіні биыл 20 ақпанында резиденция аумағында орнатылған. Композицияның авторы - белгілі қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұров.
Еске салайық,бұған дейін Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын (Kazakh Tazy) ресми түрде ит тұқымы деп әдепкі (алдын ала) тану туралы шешім қабылдағанын хабарлаған едік. Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді.