Биыл 6 ай ішінде халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 515 миллиард теңгеден астам қаражат аударылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап.
"2024 жылдың І жартыжылдығында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 515,3 миллиард теңге болды,2023 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 19 пайызға төмендеді",- делінген хабарламада.
Барлық аударымдардың 75 пайызы Қазақстаннан шетелге аударуға тиесілі.
Қазақстаннан шетелге бір аударымның орташа сомасы - 330,1 мың теңге.
Қазақстаннан қаржы аударылатын негізгі елдер Ресей (31,2 пайыз),Өзбекстан (26,8 пайыз),Түркия (20,9 пайыз),Грузия (7,7 пайыз) және Қырғызстан (3,6 пайыз) болды.
Ұлттық банктің инфографикасы
Ал шетелден түскен аударымдардың жалпы көлемі 23 пайызы.
Шетелден Қазақстанға бір аударымның орташа сомасы 279,3 мың теңге.
Қазақстанға қаржы жіберетін негізгі елдер - Ресей (28,3 пайыз),АҚШ (12,4 пайыз),Оңтүстік Корея (11,Өзбекстан (9,7 пайыз) және Түркия (7,4 пайыз).
Ұлттық банктің инфографикасы