Ай

42 градус ыстық, найзағай: Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Aug 15, 2024 IDOPRESS
Қазгидромет 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт,таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады,найзағай соғады,күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады,түнде секундына 3-8 метр,күндіз 9-14,екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13,күндіз 23-25 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт,күндіз қысқа жаңбыр жауады,найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады,секундына 3-8 метр,найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 24-26,күндіз қатты ыстық 34-36 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт,жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады,секундына 8-13 метр,күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24,күндіз 37-39 ыстық.