Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде шілде-тамызда ҰҚК полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып,сот санкциясымен қамауға алынған.
"Тергеу нұсқасы бойынша,олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға,діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан.
Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ,оқ-дәрілер,діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды",- делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кету керек,күдіктілердің екеуі адам өлтіру,тонау және бұзақылық үшін соттылы болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп,шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.
Қылмыстық кодекстің 174,256,259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.