Су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасыға арнайы салынған және сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қираған баспанасының орнына 4769 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Сонымен қатар,зардап шеккен өңірлерде 2568 жаңа үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр,оның ішінде 470 нысан бойынша жұмыстар толығымен аяқталып,тұрғындарға кілттер табысталғаны айтылды.
"Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы аяқталған 285 үй,Қостанай облысында – 57,Батыс Қазақстан облысында – 80,Ақтөбе облысында – 43 және Павлодар облысында – 5 үй пайдалануға берілді. Барлық облыста су басқан тұрғын үйлерді тексеру және бағалау жұмыстары 100 пайыз аяқталды. Жалпы сомасы 49,3 миллиард теңгеге 8 853 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге тиісті төлем алды",- делінген хабарламада.
34 216 отбасыға 12,6 миллиард теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленген.
"Сондай-ақ,жоғалған бірінші қажеттіліктегі заттарын сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша төлемдер беріліп жатыр. Бүгінде 9,9 миллиард теңгеге 21 869 отбасы осындай көмек алды.
Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 7,9 миллиард теңгеге ШОБ субъектілерінің 455 өтінімін қарап,мақұлдады. Суға кеткен мал үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты".