Алматы облысында 26 адам құтқарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Талғар ауданында "Тау самалы" таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасқан 1 ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздестірді.
"Қабылданған шаралардан кейін,Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып,қауіпсіз жерге жеткізді. Демалуышылар медициналық көмек мұқтаж емес",- делінген хабарламада.