Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана қызметі анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 шілдеде ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысында синтетикалық есірткі өндірісі бойынша жасырын зертхана қызметін тоқтатты. Есірткі құралдарының кезекті партиясын дайындау кезінде 2 жергілікті тұрғын ұсталған.
"60 келіден астам психотроптық зат және 2,5 тонна прекурсорлар,сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған жабдықтар алынды",- делінген хабарламада.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр (көрсетілген қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған).
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.