Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді",- деп жазылған жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс,Бельгия халқына бақ-береке тіледі.