2024 жылдың 20 шілдесінде таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай орын алды,зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
№ 1 пештен кенеттен жалын шығып,нәтижесінде кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды.
Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық қызметкерлер ауруханада,оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.
Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста.