Ай

Қазақстандағы ірі супермаркеттерге айыппұл салынды

Jul 19, 2024 IDOPRESS
Қазақстанда ірі супермаркеттерге айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда ко

Қазақстанда ірі супермаркеттерге айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда ірі супермаркеттерге айыппұл салынды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Сауда комитетінің өңірлердегі департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғаған.

"Нәтижесінде 2 228 әкімшілік қаулы қабылданып,381 сауда субъектісіне айыппұл салынса,құқық бұзушылықты алғаш жасаған кәсіпкерлік субъектілеріне 1 847 ескерту берілді. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда биылғы 6 айда мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті",- делінген хабарламада.

Заңбұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2-бабы бойынша байқалып отыр. Бірі – ӘМАТ тауарларына сауда үстемін арттыру (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы),екіншісі - баға белгілерінің болмауы немесе әртүрлі бағаларды қолдану (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармағы).

"Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматыдағы республика көлемінде бірнеше филиалы бар SMALL және METRO ірі сауда желілері,сондай-ақ мегаполистегі аса ірі премиум-класстағы Esentai Gourmet гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- делінген хабарламада.