Қазақстанда екі шетелдік азаматқа іздеу жарияланды - Кунс Мартин мен Ouano Nina Marie Co. Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Порталда жарияланған ақпаратқа сәйкес,1975 жылы туған шетел азаматы Кунс Мартинді Алматыда Жетісу аудандық полиция басқармасы Соттың бастамасы бойынша іздестіріп жатыр. 1981 жылы туған Ouano Nina Marie Co-ны ІІМ бастамасымен Алмалы аудандық полиция басқармасы іздестіреді.
ІІМ-нің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында,Чехияның тумасы Кунс Мартин Қылмыстық Кодекстің 187-бабы 2-бөлігі ("Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру") бойынша мемлекетаралық іздеуде. Бұлтартпау шарасы - қамауда ұстау.
Филиппин азаматы Una Nina Maria Co Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінде (Ірі көлемде,екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет жасалған алаяқтық) көзделген қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
"7 шілдеде қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігі 3-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру мерзімдері үзілді: күдікті,айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан қашып кеткен не оның болу орны басқа себептермен белгіленбеген кезде",- деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Ұсақ ұрлық,бірнеше рет жасалса,200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына,екі жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейін қамауға алуға жазаланады.
Екі немесе одан да көп адамға қатысты ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бірнеше рет үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан алты жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.