Ай

Талғар ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

Jul 9, 2024 IDOPRESS
\"Ашық НҚА\" порталында Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жариялау ту

"Ашық НҚА" порталында Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасы жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашық НҚА" порталында Алматы облысы Талғар ауданында жергілікті деңгейде табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім жобасы жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат дүйсенбі,8 шілдеде жарияланды. Оны талқылау бүгін,9 шілдеде аяқталды.

Алматы облысының әкімдігі Tengrinews.kz тілшісіне берген түсіндірме бойынша,бұл шешім морена көлін босату бойынша алдын алу шараларды жүзеге асыруға байланысты. Төтенше жағдай бүгін ресми түрде енгізілген.

Дәл осы себепті аудан әкімі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.

"Бұл шешім Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан морена көлін босату және селден қорғау құрылысының алдында өзен арнасын тазарту бойынша алдын алу шараларын жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл іс-шаралар Талғар,Кендала,Ақтас елді мекендерінің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған",- делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Оқиға орнында Талғар ауданы әкімдігінің,төтенше жағдайлар бөлімі мен "Қазселденқорғау" мекемесінің өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Билік азаматтардан қойылған шектеулерді сақтауды сұрады.