Ай

Судья Гүлмира Сатыбалдының "жанкүйерлеріне" ескерту жасады

Jul 2, 2024 IDOPRESS
Судья сотқа қатысып отырған Гүлмира Сатыбалдының туыстарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Судья сотқа қатысып отырған Гүлмира Сатыбалдының туыстарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья сотқа қатысып отырған Гүлмира Сатыбалдының туыстарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының қылмыстық соты Гүлмира Сатыбалданың бизнес серіктесін бопсалады және қамап ұстады деген айыппен істі қарауды жалғастырып жатыр. Сот барысында зардап шеккен кәсіпкердің адвокаты жәбірленуші Сатыбалдымен бірге иелік ететін серіктестіктің кадрлар бөлімінің басшысына сұрақтар қойды. Адвокат сотталушының компанияда болған көмекшілері туралы сұрақты бірнеше рет қайталады.

"Мен наразылық білдіремін,ол адамдарды шақыру керек,оларға сұрақ қою керек. Бұл оған қатысты емес. Сізді сотта үшінші рет көрдім. Өз құзіретіңізді ұстаныңыз,өтінемін",- деп Сатыбалды күтпеген жерден жәбірленушінің адвокатына жүгінді.

Айыпталушының қорғаушылары адвокаттың бір сұрақтарды қайталай беретінін түсіндірді. Осы кезде артқы қатарда залда отырғандардың дауысы естілді.

"Құрметті сот,ескерту беріңізші! Біреуі ұйықтап,құлап отыр (бұған дейін бір ер адам орындықтан құлаған - еск.),тәртіп бұзады,екіншісі ашуланып,өз пікірін қосып отыр. Оларды сот залынан шығаруды сұраймын,олар кедергі жасайды,немесе ескерту жасаңыз. Олар қатты сөйлеп отыр",– деп жәбірленушінің адвокаты судьяға жүгінді.

Судья адвокаттың ескертуіне келісті.

"Бұл ашық процесс,бірақ бұл тәртіпті бұзуға болады дегенді білдірмейді. Қазір сол жерде отырған азаматтарға,жанкүйерлерге (сотталушыны қолдайтын адамдарға - еск.) айтып тұрмын. Тағы да айтамын: тәртіпті бұзбау өздеріңіз үшін керек. Егер қорғаушы тараптан шағым түссе,шара қолданамын,барлық туыстарды сот залынан шығарамын,бұл бос сөз емес,мен заңды оқып отырмын",— деді судья Мәртпек Кәкімжанов.