Қазгидромет шілдеге арналған түзетілген маусымдық ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар болжамы бойынша,шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстік-батысында,солтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аудандарында жаңбыр жауады,нөсер болады,күркіреп,бұршақ жауып,екпінді жел соғады. Еліміздің оңтүстігінде құмды дауыл соғады.
Ыстық төмендейді деп болжанған:
елдің солтүстігінде,шығысында түнде + 10...+ 15,күндіз + 18...+28 градус;
республиканың орталығында түнде +10...+ 18 градусқа дейін,күндіз + 22...+28 градус;
оңтүстік-шығыста түнде +15...+ 20 градусқа дейін,күндіз + 22...+30 градус.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы түнде +12...+17-ден +20...+28,күндіз +27...+32-ден +35...+43 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.
Бірінші онкүндіктің аяғында,екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде қайтадан күн ысиды.
республиканың батысында түнде +15...+22-ден +19...+25 градусқа дейін,күндіз +28...+33-тен +33...+38 градусқа дейін;
солтүстікте,орталықта және шығыста түнде +7...+17-ден +15...+23 градусқа дейін,күндіз +17...+27-ден +30...+37 градусқа дейін;
оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14...+23-тен +20...+28 градусқа дейін,күндіз +30...+36-дан +35...+43 градусқа дейін;
оңтүстік-шығыста түнде +10...+18-ден +17...+25,күндіз +25...+36-дан +33...+40 градусқа дейін.