Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде ұлтымыз қарқынды дамуы үшін қазіргі өзекті проблемалар жөнінде шынайы көзқарас қалыптастырып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыз қарқынды дамуы үшін қазіргі өзекті проблемалар жөнінде шынайы көзқарас қалыптастырып,ашық пікір алмасу маңызды екенін айтты.
"Бізге алдамшы жеңістер мен жетістіктерге әуестеніп кетудің қажеті жоқ. Өз-өзіңді алдауға,мадақтауға болмайды. Бұл – ыдырауға және құлдырауға әкеп соқтыратын төте жол. Сонымен қатар сөз бостандығына арқа сүйеп,елімізде ештеңе өзгермейді-мыс,ахуал мүшкіл деп жағдайды үнемі ушықтыра беру қажет емес.
Бұл шындыққа сай келмейді. Кемшіліктер бар,бірақ жағдай тым мүшкіл емес. Мұндай ақпарат адамдарға көмектеспейді,керісінше оларды күйзеліске ұшыратып,қоғамда апатия тудырады. Оң өзгерістер – көбіне күнделікті қажырлы еңбекті талап ететін дамылсыз жұмыстың нәтижесі. Ол сырт көзге байқала бермейді.
Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Өйткені бұл – мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігі. Біз Әділетті Қазақстан құруға ұмтыламыз. Бұл – бос идеологиялық абстракция емес,шынайы жалпыұлттық таңдау. Біз зор сенім артып,күш-қуатымызды аянбай жұмсайтын асқақ мұрат түбі шындыққа айналады",- деді Президент.