Саяхат жасау

Астанада үсік жүріп, Алматыда найзағай ойнайды: 20-22 мамырға арналған болжам

May 20, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 20,21 және 22 мамырда ауа райы қандай болатынын боолжады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

20 мамырда күн құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып,солтүстік-батысқа ауысады,түнде 2-7,күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус,күндіз +25...+27 градус.

21 мамырда күн құбылмалы болады,түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен,солтүстік-шығыстан 9-14,екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус,күндіз +15...+17 градус.

22 мамырда күн құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады,екпіні - 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус,топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді,күндіз +15...+17 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

20 мамырда күн құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан жел соғады,екпіні - 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус,күндіз +21...+23 градус.

21 мамырда күн құбылмалы болады,күндіз өткінші жаңбыр жауып,күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып,оңтүстік-батысқа ауысады,жылдамдығы 3-8,күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус,күндіз +25...+27 градус.

22 мамырда күн құбылмалы болады,кей жерлерде жаңбыр жауып,күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып,солтүстік-шығысқа ауысады,екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус,күндіз +20..+22 градус.

Қазақстанда нөсер жауады

Синоптиктер бірқатар өңірде қатты жаңбыр жауып,күн күркіреп,бұршақ және дауылды жел болатынын ескертті. 21 мамырда Қызылорда,Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын күтіледі. 20–21 мамырда солтүстік циклон әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында күн күркіреп,бұршақ жауады және дауыл тұрады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.