Саяхат жасау

Алматыдағы паранжа киген “гарем“ туралы видеоны полиция тексерді

Apr 24, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

"Видеоның қойылым екені және коммерциялық түсірілім аясында жасалғаны анықталды",- деп хабарлады Алматы ПД.

Сондай-ақ полиция кейбір қатысушылардың іс-әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалғанын атап өтті.

"Бұл қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім үлгілерін киюге қатысты",- деді полиция өкілдері.

Тексеріс қорытындысы бойынша қатысушылар жауапкершілікке тартылды.

"Материалдарды қарау нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар ескерту жасау түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді",- деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

Еске салсақ,Қазақстанда бет-әлпетті жабатын киім үшін айыппұл енгізілген.