Саяхат жасау

Астанада тұман, Алматыда күн жылы болады: 11-13 сәуірге арналған болжам

Apr 12, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> \"Қазгидромет\" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 11,12

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 11,12 және 13 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

11 сәуірде күн райы құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундсына 2-7 метрге,күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус,күндіз +13...+15 градус жылы.

12 сәуірде күн райы құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус,күндіз +15...+17 градус жылы болады.

13 сәуірде күн райы құбылмалы болады,күндіз жаңбыр жауып,күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус,күндіз +14...+16 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

11 сәуірде күн райы құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус,күндіз +20...+22 градус жылы болмақ.

12-13 сәуірде күн райы құбылмалы болады,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус,күндіз +20...+22 градус жылы болады.