Саяхат жасау

Тоқаев Түркістанға ықыласы ерекше екенін айтты

Mar 23, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі,- деп хабарлайды

"Бүгін атажұртымыздың алтын бесігі – Түркістан шаһарына тағзым ету үшін арнайы келіп отырмын. Ризамын. Менің Түркістанға ықыласым ерекше екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды осы өлкеден бастадым. Түркістан – түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы",- деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша,бұл – халқымыздың болмыс-бітімі,қайсар рухы,теңдессіз мәдениеті және елдік дәстүрі көрініс тапқан киелі жер.

"Әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің мол мұрасы – шежірелі шаһардың рухани қазынасы. Әзірет Сұлтан кесенесі – түркі әлемінің берекелі тұтастығының символы. Төл тарихымызда есімі алтын әріппен жазылған тұғырлы тұлғаларымыз осы жерде мәңгілік мекенін тапқан",- деді Президент.