Саяхат жасау

Қазақстанда 25 градусқа дейін күн жылынады

Mar 20, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері 21,22 және 23 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қай аймақтарда жаңбыр,қар және найзағай күтіледі?

Болжам бойынша,атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей күндері Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр,қар) жауып,жел күшейеді,ал елдің оңтүстігінде күндіз найзағай ойнайды.

"Республика бойынша тұман,көктайғақ болады деп болжанған. Ал қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі",- деді синоптиктер.

Температура көрсеткіштері

Күндіз ауа температурасы Қазақстанның батысында 12-17 градус жылыға дейін,Маңғыстау облысында 18-23 жылыға дейін,республиканың солтүстігі мен орталығында 3-8 жылыға дейін,Ұлытау облысында 15-20 жылыға дейін,елдің шығысында 5-15 жылыға дейін,оңтүстігінде 20-25 жылыға дейін,оңтүстік-шығысында 15-23 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтілуде.

Наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер болжамы бойынша,2026 жылғы наурызда Қазақстанда күн жылы болады және елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп түседі.

Ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі: солтүстікте — қар жауып,боран соғады,оңтүстік пен батыста — жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Температура жалпы алғанда климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады,сонымен қатар қысқа мерзімді суытулар болуы мүмкін.