Саяхат жасау

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентінің мәлімдемесін құптады

Mar 9, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге қарсы шабуылдан бас тарту

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге қарсы шабуылдан бас тарту туралы мәлімдемесін қолдайтынын білдірді. Мемлекет басшысы бұл шешімді Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп бағалады,- деп хабарлайды

Бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды",- делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.

Мән-жайы

Ирандық БАҚ ел президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін жариялады. Онда ол Иран көрші елдердің аумағынан соққы жасалмаса,оларға шабуыл жасамайтынын айтты.

Пезешкианның сөзінше,мұндай шешімді Иранның уақытша басқарушы кеңесі қабылдаған. Сондай-ақ,ол "дұшпанның Иранды тізе бүктіреміз деген арманы ешқашан орындалмайды" деп қосты.