Сұлу Бөлек
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда құтқарушылар көшедегі әжетханаға түсіп кеткен күшікті алып шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күшік шұңқырға түсіп,өздігінен шыға алмай қалған.
"Оралдағы Даль көшесінде ерекше оқиға болды. Кішкентай күшік даладағы әжетханаға түсіп,өздігінен шыға алмады. Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен жануарды алып шықты",– делінген хабарламада.
Еске салайық,бұған дейін Қарағандыда бір ит сауда үйлерінің бірінің маңындағы ашық құдыққа түсіп кеткен болатын. Оның қиналған үнін естіген балалар құтқарушыларды шақырып,итті құдықтан алып шығуға көмектесті.