Трамп: АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасады

Jun 23, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ АҚШ Әуе күштері Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасады. Бұл тура

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Әуе күштері Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трамптың айтуынша,соққы жасалған нысандардың бірі - жер астындағы Фордо кешені.

"Біз Ирандағы үш ядролық нысанға,оның ішінде Фордо,Натанз және Исфаханға өте сәтті соққылар жасадық. Негізгі нысан - Фордоға толық бомба жиынтығы тасталды. Біздің ержүрек америкалық сарбаздарымызды құттықтаймын. Мұндай әрекет қолынан келетін армия жоқ",- деп жазды Трамп.

Сондай-ақ,ол америкалық ұшақтар Иран әуе кеңістігінен шыққанын және АҚШ-қа қайтып бара жатқанын хабарлап,"Бейбітшілік уақыты туды!" деді.

Тағы бір жазбасында Трамп "Фордо енді жоқ" деп жазды.

Axios порталы Израиль шенеунігіне сілтеме жасап,Трамп әкімшілігі Иранға жасалатын соққы туралы алдын ала Израильді құлағдар еткенін хабарлады.

Бұған дейін Трамп Иранға соққы жасау туралы шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын мәлімдеген еді,ал АҚШ вице-президенті бұл соғысқа тікелей қатысуға қарсы екенін айтқан.

АҚШ-тың Иран нысандарына жасаған әуе шабуылдары Израиль мен Иран арасындағы бір аптадан аса уақытқа созылған әуе қақтығыстары аясында жүзеге асты. Қақтығыстар салдарынан екі елде де қаза тапқандар мен жараланғандар бар.