Тоқаев Астанадағы теннис орталығын аралап көрді

Jun 20, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Мемлекет басшысы \"Дәулет\" теннис орталығына барды,- деп хаб

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәулет" теннис орталығының қызметімен танысты.

Кешенде 600 бала,олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

"Дәулет" орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын,соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.

Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.