“Балабақшаға орналастырамын“: Астана тұрғыны ондаған ата-ананы алдап кеткен

Jun 12, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Астаналық әйел 30-дан астам ата-ананы балабақшаға орналасты

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық әйел 30-дан астам ата-ананы балабақшаға орналастырып беремін деп алдаған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше,жергілікті тұрғын баласын балабақшаға орналастыруға үміттенген ондаған ата-ананы алдап,олардың ақшасын иемденген.

"Ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы "Пікірлер" бөлімінен тапқан,онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерін қалдырған. Осындай хабарламаларды көріп,ол ата-аналармен байланысқа шығып,өзін "делдал" ретінде таныстырып,сыйақы үшін "Indigo24.kz" жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан",- делінген хабарламада.

Әйел қаражатты алған соң,жасырынған. 30-дан астам алаяқтық дерегі анықталып,келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеден асқаны белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

"Сотта әйел өз кінәсін мойындап,өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды,қалған шығын одан өндірілді. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып,сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады".

Үкім заңды күшіне енді.