Қазақстанда бүгін Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіліп жатыр

Jun 4, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі,-

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл күн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңда мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілген. 4 маусым Қазақстанда 2007 жылдан бері тойланып келеді.

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Оларға Ту,Елтаңба және Әнұран жатады.

"Мемлекеттік рәміздер - кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі",- деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік,Мемлекеттік рәміздер күнінде Астанада,Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде салтанатты іс-шаралар өтеді. Іс-шара мемлекеттік Туды көтеруден және Әнұранды орындаудан басталады.