Тоқаев Қазақстанда CryptoCity құрылатынын жариялады

May 30, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Астана халықаралық форумының (AIF) пленарлық отырысының ашыл

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана халықаралық форумының (AIF) пленарлық отырысының ашылуында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда инновациялық CryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны құрылатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Біз адам капиталына инвестиция салып,жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз – аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту. Сол себепті цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторлардағы әлеуетімізді күшейте береміз",- деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша,біз цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткіздік. Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу.

"Әсіресе,жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар,зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді. Қазақстан ең қуатты суперкомпьютерді іске қосуға кірісті. Қазірдің өзінде бұл жұмыс басталып кетті.

Бұдан бөлек,СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға,қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады".