ПОДЕЛИТЬСЯ
Жоғары аудиторлық палата 2025 жылғы І тоқсанда 24 нысанда 4 аудиторлық іс-шара аяқталғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осылайша 5,9 триллион теңге қамтылған. 355 миллиард теңгеге заңбұзушылықтар анықталған. Оның ішінде: 3,3 миллиард теңге қаржылық заңбұзушылықтар,287,6 миллиард теңгеге мемлекет қаражаты мен ресурстарын тиімсіз пайдалану,64,6 миллиард теңгеге жоспарлау кемшіліктері.
"3,3 миллиард теңге көлеміндегі қалпына келтірілуге тиіс қаржының 1 миллиард теңгесі бюджетке қайтарылды. Үкіметке 32 ұсыныс жолданып,аудит объектілеріне 159 тапсырма берілді. Олар толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады",- деп жазылған хабарламада.
Мәліметке сүйенсек,2025 жылы шамамен 30 аудиторлық іс-шараны аяқтау жоспарланған.