Саяхат жасау

Мәскеудегі Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскери қызметшілерге құрмет көрсетті

May 12, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры,генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

Мемлекет басшысы 8 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.