Саяхат жасау

Бас прокуратура 6,4 миллиард теңгені жымқыру дерегін әшкереледі

Apr 15, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған "Астрахан-Маңғышлақ" су құбырын қайта құру кезінде 6,4 миллиард теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру дерегі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"КазТрансОйл" АҚ-ның еншілес компаниясы - "Магистральдық Суағызғысы" квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры,оның орынбасары,мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінген.

"Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 миллиард теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып,үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған",- делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.